Қазақстандық бензин экспортқа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық бензин экспортқа шығады

26.12.2018

Жаңа жылдан бастап қазақстандық бензин экспортқа шығарыла бастайды. Бұл туралы бүгін өткен жылды қорытындылап, келер жылға бағдар жасаған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Айтуынша, отандық жанармайдың экспорты Қырғызстаннан басталмақ. Қазір екі ел арасында тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сәтін салса, бензиннің алғашқы легі ақпанның басында жөнелтіледі. Ал, наурыз айынан бастап Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне тасымалдауға жол ашылады. Құжат жұмыстары екі айдың ішінде шешіліп бітпек. Бұдан бөлек, отандық жанармайға Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдерден де сұраныс түскен. Қысқасы, Қазақстан бензинді 6 елге экспорттауды көздеп отыр. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Қырғызстаннан бір апта бұрын жауап келді. Қол қойса, ақпан айынан бастап Қырғызстанға экспортты бастаймыз. Осындай мәселелерді Армения және Беларусьпен де талқылап жатырмыз. Олардың өздері «бензинді сатып алайық» деп сұрап жатыр. Сондықтан, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттермен талқылану үстінде.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу