Атырауда ноғай халқының мәдени күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ноғай халқының мәдени күндері өтті

26.12.2018

Рухани шараға көршілес Ресейден арнайы делегация келді. Олар екі күн бойы көркемсурет және қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізіп, жергілікті тұрғындарды ұлттық музыка жауһарларымен таныстырды. Сондай-ақ, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, туыстас халықтардың өзара қарым-қатынасын талқылады. Отандық ғалымдар мен ақын-жазушылар ноғай халқымен байланысты нығайта түсу керек дегенді айтады. Өйткені, бұл жұрттың тарихы мен мәдениеті, қазақпен біте қайнасып жатыр. 2009 жылғы санақ бойынша әлемде 4 млн-ға жуық ноғай бар.  Соның 80 мыңнан астамы ТМД-да. 400-ге жуығы Қазақстанда тұрып жатыр.    

Рустам Әділгереев, Ноғай халықтық комитетінің төрағасы:

- Біз ноғайлар, қазақтар тамырымыз бір. Түбіміз бір. Біз ноғай халқы бүгінде біраз аз болып қалдық. Өзіміздің үкіметімізді сақтай алмай қалғанбыз. Бізде тіл бір, бізде дін бір. Бізде бірлік болмады. Елмен тілдегі бірлікті бізге Едіге атамыз айтып кеткен. ИншАлла сол елдегі бірлікте, тілдікте шалыспауымыз керек деп ойлаймын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу