Аязға байланысты Ақмола облысының мектептерінде сабақ тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аязға байланысты Ақмола облысының мектептерінде сабақ тоқтатылды

25.12.2018

Күннің күрт суытуына байланысты бүгін Ақмола облысының барлық мектептерінде сабақ доғарылды. Таңертең ауа температурасы -32-37 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан, ата-аналарға ескерту хабарлама жіберіліп, оқушыларға тапсырма электронды түрде жолданды. 

Валерий Гамазов, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгін Ақмола облысы бойынша орташа температура -33-36 градус болды. Сондықтан, жергілікті білім беру мекемелерінде сабақ болмайды деген шешім қабылданды. Хабарландыру оқу орындарының сайттарында жарияланды. Әлеуметтік желілер арқылы және Төтенше жағдайлар қызметінің смс-хабарламасы арқылы ата-аналарға ақпарат жолданды. Сабақ болмаған күндер тіркеліп, бағдарламаға түзетулер енгізілетін болады. 

Сондай-ақ, Қарағанды облысының кей жерлерінде де сарышұнақ аяз қысып, үскірік жел тұрды. Ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеді. Мектептерде 9-сыныптарға дейін сабақ тоқтатылды. Қарағанды-Павлодар бағытындағы жол жабылды. Төтенше жағдай қызметі алысқа сапар шеккенде абай болуды ескертеді. Мамандар орталық, солтүстік өңірлерде көлігі сынып, жолда қалып кеткен бірнеше адамды құтқарды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу