Ақтөбедегі қытайлық корпорация келісімшарттық міндеттерін атқармай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі қытайлық корпорация келісімшарттық міндеттерін атқармай отыр

24.12.2018

Ақтөбе облысында жұмыс істейтін қытайлық «Sinopec Group» корпорациясы келісімшарттық міндеттерін толық атқармай отыр.

Корпорацияға қарасты «Сағыз Петролеум» мен «Синопэк Қазақстан» серіктестіктері жоспарды 1 миллиард теңгеге орындамаған. Сондай-ақ, жалақы бойынша өсімді де қамтамасыз етпеген. Мұнай-химия корпорациясының Орталық Азиядағы өкілдігінің  бас директоры Фан Сяннанмен кездескен облыс басшысы бұл олқылықтарды тез арада жоюды тапсырды. Бас директор өз кезегінде міндеттерді орындауға уәде берді. Одан бөлек, Ақтөбе облысында болат құбырлар, алмаз қашаулар мен мұнай жабдығын өндіретін зауыт салу жоспарлары барын да жеткізді. 

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Минималды жалақыдан да аз алатындар бар. Яғни, 42 мың теңгеден де төмен. Сервистік компаниядағы орташа айлық 102 мың болғанмен, жұмысшылардың жартысы 42-ден 82 мыңға дейін ғана алады. Ол жерде басшыларының ғана табысы көп. Прокуратура, Мемлекеттік кірістер департаментімен тексеріс жүргіземіз. Жоғары айлық пен төменгі айлықтың арасында үлкен алшақтық болмауы керек.

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу