Маңғыстаудағы мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтік кештен бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтік кештен бас тартты

24.12.2018

Маңғыстаудағы мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтік кеш пен сыйлықтан бас тартты. Олар оның орнына тұрмысы қоңыртөбел отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектеспек. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаментінің қызметкерлері осындай бастама көтеріп, өзге де әріптестерін шараға атсалысуға шақырды. Жаңажылдық кеш пен сыйлықтан тағы 3 департаменттің ұжымы және Жаңаөзен қалалық әкімі аппаратындағылар да бас тартты. 

Нұрбол Оқуов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы:

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олар Аяз атаға өздерінің хатын жолдайды. Мысалы, біреуде аяқ киім жоқ, біреуде оқу құралдары жоқ, соған қолұшын беруді сұраймыз деген. Акцияны біз бірден қолдадық. Алдағы уақытта өңірдегі барлық мемлекеттік органдар осындай әлеуметтік акцияларға қолұшын береді.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу