«Архив-25» бағдарламасы аясында әр түкпірден тарихи құжаттарды жинау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Архив-25» бағдарламасы аясында әр түкпірден тарихи құжаттарды жинау басталды

24.12.2018

Алматыда өткен «Ұлы даланың құқықтық дәстүрлері мен конституциялық бағалығы» атты алқалы жиында белгілі заңгерлер осыны айтты.

Мамандар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған дәйектерді қазіргі заңдармен сәйкестіндіру арқылы насихаттау ісін пысықтады. Қазақ даласында мемлекеттік құрылыммен қатар, құқықтық жүйе болғаны белгілі. Әсіресе, сот билігі. Қазір «Архив-25» деген бағдарлама аясында тарихи құжаттарды әлемнің әр түпкірінен жинау науқаны басталды. Абылайхан заманындағы құжаттардың дені Ресейдің Омбы, Орынбор қалаларында сақталған. Сондықтан, оған жүйелі зерттеу жүргізу қажет. Себебі, ғалымдар Қазақ хандығы тұсындағы құқық жүйесіне жасалған реформалардың ауқымды болғандығын жеткізді. Бұл, Ұлы даланың құқықтық жүйесі демократиялық сипатта дамығанының дәлелі. Алайда, маңызды құжаттардың негізгі мәтіндері бүгінге дейін сақталмаған.

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңестің төрағасы:

- Біздің даламыздан басталған мәдениеттердің игілігін дүниежүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын осылай дәлелдеп және дәріптей білуіміз керек.

Жапар Әлдибеков, заң ғылымдарының докторы:

- Заңдар көп жағдайда ауызша қабылданып, ауызша орындалғандықтан, жазбаша деректер аздау. Сондықтан, бұл деректерді біз сырт мемлекеттерден іздеп жүрміз. Әсіресе, Қытай, Иран деректерінде ежелгі қазақ даласындағы ата-бабаларымыздың кезеңіндегі заң жүйелерінің нақты іске асуының тетіктері көрсетіледі.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу