Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі 65 азаматқа тегін қоларба берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі 65 азаматқа тегін қоларба берілді

24.12.2018

Олардың ішінде соғыс ардагерлері мен қарттығына байланысты өзгенің көмегінсіз жүре алмайтын азаматтар да бар. Қоғамдық ұйымдардың демеушілігімен берілген қоларбалар енді олардың  ешкімге тәуелді болмай қажетті жеріне барып-келуіне мүмкіндік бермек. Жалпы, Созақ ауданында бүгінде 2300 азамат өзгелердің қамқорлығына мұқтаж жандар санатында. Солардың үштен бірі мүмкіндік болса, бойдағы қажыр-қайратын пайдаланып, өз бетінше еңбек етуге ниетті.  Биылдың өзінде осы топтағы 100-ге тарта азамат жұмысты болған. Олардың біразы мемлекеттен несие алып, кәсіп бастаған. 

Құрбанәлі Әбуов, «Дос - тәуелсіз өмір» орталығының маманы:

- Арбаның құр өзін таратып қоймаймыз, сөмкесі бар. Онда керек-жарақ дүниелері болады. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу