Әлеуметтік қызметтер цифрланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қызметтер цифрланады

21.12.2018

Жаңа жылдан бастап көпбалалы аналар, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар барлық құжаттарын үйден шықпай-ақ онлайн режимде дайындау мүмкіндігін алады. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері хабарлады. Ведомство цифрландыру аясында алдағы жылдың бірінші тоқсанында бірқатар қызметтерді пилоттық режимде іске қоспақ. Қазір министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтің 60%-ы электронды жүйеде алуға болады. Келер жылы бұл көрсеткішті 80, 2020 жылы 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Биылдың өзінде бірнеше электронды қызмет іске қосылған.

Ербол Оспанов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы президентінің бірінші орынбасары:

- Еңбек кітапшасын автоматтандыру. Үшіншісі, электронды еңбек биржасын дамыту. Пилоттық жобада 5 мыңнан аса мекеме тіркелді. 120 мыңнан аса еңбек келісімшарты тіркелді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу