Қазақстан аумағында 24 IT орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағында 24 IT орталық ашылды

21.12.2018

Бүгін «IT орталықтар – білім шамшырағы» хакатонын өткізген «Нұр Отан» партиясы өкілдері осыны айтты. Қазіргі таңда партияның «IT-мамандарды даярлау» жобасы аясында, жер-жердегі орталықтар өз жұмысын бастап кеткен. Мақсат – заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Бұл – бір. Екіншіден, халықтың сандық сауаттылығын арттырып, құқықтық және әлеуметтік білімін шыңдау. Яғни, қазақстандықтар заманауи технологияны игеріп, «электрондық үкімет» порталының қызметін пайдалануға машықтанбақ. Ал, үшіншіден, жұмыссыз азаматтарды оқыту. «Ең бастысы, жобаның озат қатысушылары «Астана Хаб» халықаралық технопаркінде өз стартаптарын бастай алады», дейді жауаптылар. 

Әділ Нысанов, «IT-мамандарды даярлау» жобасының жауапты жетекшісі:

- Жобаның басталғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, бүгінде өңірлерде 24 IТ орталық ашылды. Ол жерлерде бірнеше мыңдаған адам білім мекемелері, IT компаниялар аясында жұмыс істеп жатыр. Орталыққа қызығушылық білдірген азаматтардың саны күн санап артып келеді. Жобаға жас ерекшеліктеріне қарамастан кез келген адам қатыса алады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу