Ұлытаудан ерекше жәдігерлер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытаудан ерекше жәдігерлер табылды

20.12.2018

Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесін зерттеу барысында алтын тостаған мен тасы бар қос сырға табылды. Бұл - XIII ғасырдағы Алтын Орда дәуіріне жататын ерекше жәдігерлер. Археологтар көне бұйымдарды ортағасырлық тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу барысында анықтады. Экспедиция мақсаты - Алтын Орда дәуірінің кесенелерінен алынған антропологиялық материалдарды зерттеп, ескерткіштердің аталған кезеңге жататынын дәлелдеу. Болған ана туралы тарихи аңыз-әфсаналарда Жошы ханның қызы, кейде келіні деп аталған. Ұлытау өңірінде Жошы хан кесенесі де бар екені белгілі. Табылған алтын тостаған мен әшекей «Болған ананың тарихи образын айшықтап, мәртебелі адам болғанын айшықтай түседі», - дейді археологтар. Жәдігерлерге зертханалық жұмыстар жүргізу үшін Жапония мен Американың алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарына сынама жіберілді.

Түлкібай Төлеуов, облыстық Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

- Табылған тостақанның құндылығы Болған ананың дәрежесінің өте жоғары болғанын дәлелдейді. Мұның құндылығы сонда. Бірақ, ары қарай зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Антропологиялық тұрғыдан зерттеу жүргізіліп жатыр. Шетелдік зертханаларға анализдері жіберілді. Соның қорытындысы бойынша халыққа қосымша ақпаратты жеткізетін боламыз.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу