Астанада республикалық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада республикалық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

20.12.2018

Дені сау кәрілік. Бүгін Астанада «Ардагерлерді ұйымдастыру» Республикалық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Кеңестің өңірлік жетекшілері қатысты. Жиында жер-жердегі ардагерлер мұрындық болған шаралар мен тәлім-тәрбиелік жұмыстар тілге тиек етілді. Әлбетте, ардагерлердің мұң-мұқтаждары да, назардан тыс қалмады. Әсіресе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ардагерлерге қарастырылған медициналық көмектің мәселелеріне басымдық берілді. Жалпы, комиссияның мақсаты - қазақстандық ардагерлердің денсаулығын жіті бақылауда ұстау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру.

Әділхан Абдулин, «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры:

- Қазақстан бойынша ерлер 70 жыл, әйелдер 81 жыл өмір сүреді. Дені сау кәрілік болсын, бақытты болсын.

Армангүл ТОТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу