Алтай - көшпенділердің технологиялық дамуына және түркі әлемінің қалыптасуына негіз болған Еуразия өркениетінің діңгегі. Өскеменде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осы тақырып кеңінен талқыланды. «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» атты шараға еліміздің белгілі ғалымдары қатысып, ежелгі өнер, өндіріс, тарих пен мәдениет туралы орамды ойларын айтты. Конференция аясында шеберлік сағаттары өткізіліп, «Үлкен Алтай» мұражайы таныстырылды. Ғалымдар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып, өз зерттеулерінің нәтижесін баяндады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жаңа артефактілер көрсетіліп, Ұлы дала тарихын зерттеудің тың тәсілдері ұсынылды. Академик Ғарифолла Есім «Әл-Фарабиден Абайға дейін» деп аталатын жаңа зерттеу жобасын қолға алғанын мәлімдеді.
Ғарифолла Есім, академик:
- 10-шы ғасырдан Абайға дейін біз қалай өмір сүрдік? Философиясы, дүниетанымы, өндірісі, шаруашылығы, ән-күйі қалай болды? Мұның бәрі бір дүние. Осыны біз дүниетаным арқылы анықтауымыз керек.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.