Алматыда аутизммен ауыратын балаларға арналған кинозал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда аутизммен ауыратын балаларға арналған кинозал ашылды

19.12.2018

Бұл - ерекше технологиялармен жабдықталған орын. «Өйткені, инклюзивті балалардың кино көруі үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс», - дейді мамандар. Бүгінде Қазақстанда аутизм дерті анықталған 35 мыңға жуық бала бар. «Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен қайырымдылық ретінде 9 қалада 20 инклюзиялық қолдау бөлімшесі ашылып, 800-ден астам денсаулық сақтау және білім беру мамандары оқытылған. Жыл басынан бері инклюзивті 4 көрсетілім ұйымдастырылды.

Бақытжан Мұсатаев, «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісінің бас директоры:

- Бұл біздің компаниямызға өте маңызды, өте ерекше жоба. Біздің осы жобамен жұмыс істеп жүргенімізге үш ай болды. Әрине, ол ерекше техникалық жабдықталған зал. Оны әрбір сеансқа ерекше дайындайды. Өйткені, кез келген фильмді көрсетуге болмайды.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу