Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 40-қа жуық қарағандылық мемлекеттік наградаға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 40-қа жуық қарағандылық мемлекеттік наградаға ие болды

18.12.2018

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына еселі еңбек сіңірген азаматтарға үшінші дәрежелі «Барыс» пен «Парасат», «Құрмет» ордендері, медальдер мен Құрмет грамоталары табысталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 27 жыл ішінде еліміздің қарыштап дамуына индустриалды Қарағанды өңірінің қосқан үлесі зор. Салтанатты шара Тәуелсіздік күніне арналған концертке ұласты. 

Қасымбек Медиев, Қарағанды облысының Құрметті азаматы:

- Ата-бабамыз Тәуелсіздікті аңсаған, егемендікті көксеген. Міне, соған жеттік. Мен егемендік заңын қабылдауға қатысқан адаммын. Соның ортасында болдым. Әлі есімде, бүкіл депутаттар орындарынан тұрып, ұрандар айтылып, тіпті кейбіреулері көзіне жас алып жатты. Бұл нағыз қуаныштың жасы болатын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу