Бүгін елордада «Ауыл» халықаралық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен «Еңбек озаттарының форумы» өтті. Бұл іс-шара биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашқы екі форумда 200-ден астам азамат лайықты марапатына ие болған. Осылайша, «Ауыл» партиясы қажырлы еңбегімен қоғамның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды жас буынға үлгі етуді көздейді.
Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы:
Шынында да, түрлі салада қызмет етіп жүрген алдыңғы қатарлы озат қызметкерлердің, еңбеккерлердің артынан көптеген адамдар еріп келе жатыр. Солар еңбек адамының тәжірибесін алуы керек. Тәжірибесіне қарап, өз еңбек жолын түзеуі керек.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.