«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алған фермерлерге бағдарлама талабы жеңілдетілді. Бұған дейін шаруалар 90 күн ішінде шетелден мал жеткізіп, оны құжатпен тіркетуі тиіс болатын. Енді осы аралықта мал табылмаса, тағы қосымша уақыт беріледі.
Сондай-ақ, кепілге тек асыл тұқымды түлік қана қойылады деген бұрынғы талап та күшін жойды. Ірі қараны 3 ай ішінде елге жеткізбесе, несие қаражатының 25 пайызы көлемінде салынатын айыппұл алынып тасталды. Фермер несие қаражатын басқа мақсатта пайдаланса ғана айыппұл төлейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Сыбағамен» несие рәсімдеген қарағандылық фермерлердің түйткілді мәселесі туралы өткен хабарларымызда айттық. Ресейдегі қымбатшылық пен карантинге байланысты шығынға бата жаздаған шаруалар биліктен араша сұраған болатын.
Думан Оспанов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
25 пайыздық айыппұл ол егер де қаржыны басқа мақсатта жаратқан жағдайда ғана болса, сондай талап қоямыз. Бұл шартта көрсетілген. Ал егер де ол қазір малды таппай жатқан жағдайда оның құжаттарында уақытын созып беру мүмкіндігі қарастырылған. Ал егер де қазір малды мүлде таба алмаймын деген жағдайда ол ақшаны қайтаруға мүмкіндігі бар шаруалардың.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.