ЕАЭО аясында кәсіпкерлік өркендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО аясында кәсіпкерлік өркендейді

10.06.2014
ЕАЭО аясында кәсіпкерлік өркендейді
Кәсіпкерліктің кең өріс алатын кезі жетті. Оған Еуразиялық экономикалық одақ толық мүмкіндік береді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев Ақтаудағы жиында осылай деді.
 
Маңғыстау облысында Ресей мен Беларусь елдеріне тауар экспорттауға қауқарлы бірқатар кәсіпорын бар. Мәселен, жыл басынан бері 98 мың тонна өнім шығарған металл құю зауыты.
 
Оның жұмысымен танысқан Тимур Құлыбаев Түркіменстан және Иран мемлекеттеріне металл бұйымдарын шығарып отырған зауыттың тауар айналым деңгейін арттыруға мүмкіндігі жоғары екенін айтты.
 
Сонан соң битум зауытын аралап, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ірі өндіріс ошағына оң бағасын берді.
 
Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы:
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанын білесіздер. Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикасы президенттері үш елге аса тиімді келісім жасады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да отандық кәсіпкерлердің мүддесі үшін өз ұсынысын берді. Болашақта Қазақстанда кәсіпкерліктің қанат жаятынына сенуге болады.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу