«Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасына елдің әр өңірінен 800-ден астам ұсыныс түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасына елдің әр өңірінен 800-ден астам ұсыныс түскен

11.12.2018

Бұл туралы аталған заң жобасын Алматыда талқылаған Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, осы уақытта министрліктің сайтында және әлеуметтік желілерде заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Оны әзірлеуге байланысты құрамында 78 адам бар комиссия жұмылдырылған. Қазір Қазақстанда 300 мыңнан аса мұғалім еңбек етсе, заңға қатысты кез келген сала маманы өз пікірін білдіре алады. Жұмыс тобы барлық өңірді аралап, талқылауларға қатысады. Соның нәтижесінде, келер жылы 6 бөлім, 21 баптан тұратын заң жобасы қабылданбақшы. 

Жомарт Семтиков, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі:

- Ұстаздардың мәртебесін көтеру, ұстаздардың мәртебесін күн тәртібіне қою, әсіресе, жүктемелік жағынан сонымен қатар, заңнамалық тұрғыдан бекітіп беру керек. Шындығында, жалпыхалықтық жүйеге ие болып отыр деп айтуға толық мүмкіндік бар.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу