Павлодар қаласының әкімі сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының әкімі сөгіс алды

11.12.2018

Лауазымды қызметке тағайындалғанына небәрі үш айдан енді асқан Павлодар қаласының әкімі сөгіс алды. Себебі, Әнуар Күмпекеев мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамту мақсатына бюджеттен 226 млн. 500 мың теңге бөлгізіп, оған небәрі алты қызметтік пәтер сатып алған. Әрі олардың барлығы тұрмысқа қолайлы, іші кең, қымбат үйлерден таңдалған. Мәселен, Луначарский көшесіндегі аумағы 230 шаршы метрден астам, қос қабатты бірдей алып жатқан пәтерге бюджеттің 49,9 млн. теңгесі жұмсалған. Шаһар әкімшілігінің қазына ақшасын үнемсіз жұмсауы көпшіліктің шамына тиді. Әлеуметтік желі «шулап» кетті. Ал, бүгін аймақ басшысы Болат Бақауов қала әкіміне бұл үйді алты пәтерге айырбастап оны баспана кезегінде тұрған жетім балаларға беруді тапсырды. 

Азамат Байтенов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қала әкіміне облыс әкімінің сөгіс жариялауы қала әкімдігінің қымбат пәтерді сатып алуымен байланысты болды. Бұл ең біріншіден, бюджеттің тиімсіз пайдаланылуы болып есептеледі. Басқа өңірлерден келген мемлекеттік қызметшілерге үй берілуі тиіс. Бірақ, мұндай жеке үйде емес және қымбат емес үйде.     

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу