БҚО-да алимент өтемеген азамат қоғамдық жұмысқа жегілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да алимент өтемеген азамат қоғамдық жұмысқа жегілді

11.12.2018

Алиментті өтемеген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 300 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді. Батысқазақстандық борышкер баласының күтіміне 800 мың теңгеден астам қарызын төлемей жүрген. Өңірде мұндай безбүйрек әке-шеше көп. Олардың перзенті алдындағы қарызы 76 млн. теңгеге жеткен. Прокурорлар уәкілетті органдардың кей борышкерге шектеу шарасын қолданбағанын анықтады. Қарызы бар жүздеген тұлға шетелге еш кедергісіз шыққан, көлік жүргізу құқығы шектелмеген, табысынан алимент ұсталмаған. 

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Мысалы, Д. есімді азамат 2016-2018 жылдары кәмелетке толмаған баласына алимент төлемей келген. Жұмыспен қамту орталығы оны 2-3 рет жұмысқа жолдаған болатын. Дегенмен, әлгі тұлға жұмысқа орналасқан жоқ. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен оған қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қолданылды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу