Мұнда азық-түлік бағасы нарықтағыдан 20 пайызға арзан. Әсіресе, картоп, көкөніс қымбат емес. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға арналған мұндай дүкендер тағы ашылмақ. Жергілікті әкімдік 9 ірі сауда орнына ұсыныс жасап отыр. Бастама, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қолға алынып отыр. Арзан азық-түлікпен қамту үшін, көтерме сауда орындарының иелерімен және тауар өндірушілермен келісім жасалған.
Нұргүл Ашықова, кәсіпкер:
- Қала әкімі әлеуметтік бұрыш ашуға ұсыныс жасады. Өзіміз сол кісінің ұсынысын қолдап, атсалысып жатырмыз. Әлеуметтік бұрыштан жағдайы төмен адамдар, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар көкөніс, азық-түлік алуына болады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.