«Эксплоурестан Казахстан». Осындай атаумен еліміздің туристік бренді көпшіліктің назарына ұсынылды. Кейбір мамандар ағылшын нұсқасынан гөрі «Ұлы дала елі» атауын ұсыныпты. Осы мәселелерді талқылаған мамандар Астанада «Жаһандық цифрландыру кезеңіндегі туризм: жаңа толқынға бағыт» атты халықаралық форумға жиналды. Оған Ұлыбритания, Ресей, Украина, Белоруссия сынды 6 мемлекеттен туризм мен медиа саласындағы сарапшылар қатысты.
Жиында туристік брендтің маңызы мен оның осы салаға әкелер пайдасы сөз болды. Жалпы, ел туризмінің 90 пайызын осы брендтің атауы қалыптастырады екен. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанға 2018 жылдың бірінші тоқсанында 1 миллион 800 мың саяхатшы келген.
Даниэль Сержанұлы, «Қазақ туризм» ҰК Пиар және маркетинг департаментінің өкілі:
Индияны еске алсақ, инкредибл Индия дейді. Бір сөзбен айтқан кезде, оның қай мемлекет екенін біз білеміз. Сол жаққа барғымыз келеді. Қазақстан туралы, оның бренді туралы айтқан кезде де туристер Қазақстанға келгісі келуі керек. Бұл брендті жасау қазір жүргізіліп жатқан іс.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.