Қазақстан-Ресей бірлескен «Союз-5» зымыранын ұшыруға әзірлік басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Ресей бірлескен «Союз-5» зымыранын ұшыруға әзірлік басталды

07.12.2018

Бұл туралы бүгін қос тарап өкілдері Халықаралық ғарыш станциясының 20 жылдығын атап өту барысында мәлімдеді. Ғарыш саласындағы екі ел ынтымағының жалғасы ретінде «Союз-5» жаңа класты зымырандарды ұшыруға арналған «Бәйтерек» перспективалық зымыран кешенін құру жөніндегі жоба қолға алынғаны белгілі. Қазір тиісті жұмыстар қарқынды түрде ресейлік зымыран-ғарыш өнеркәсібі кәсіпорындарында жүргізіліп жатыр. Жаңа кешен «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналаспақ. Аталған айлақтан «Союз-5-тің» сынақтық ұшыруы 2022 жылға жоспарланып отыр. Айта өтейік, зымыран кешенінің жобасын ҚР Президенті ұсынған болатын.

Айдын Айымбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті:

- Аз уақытта Қазақстан үлкен жолды жүріп өтті. Яғни, Қазақстанның алғаш рет ғарышқа 1990 жылы ұшқаны баршаға мәлім. Мен 2015 жылы ұшып, онда 5 ғылыми ғарыш бағдарламасын жүзеге асырдым. Ғылыми жұмыстар ғарыштық кеңістіктің тірі жан ағзасына, оның ішінде адамға әсері мен Жер шарына тигізетін қаупі және оның алдын алу секілді мәселелерді қамтыды. Ғарыш саласын жетілдіру қазір елімізде қарқынды жүргізіліп жатыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу