Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті. Пленарлық отырыс алдында мүмкіндігі шектеулі жандарды көлік жүргізуге үйрету үшін арнайы «Тең жол» автомектебін ашқан кәсіпкер Сәлімхан Сәбитовке автокөлік тарту етілді. Жалпы, теріскейде 8 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, «сондықтан да мұндай автомектеп ауадай қажет», дейді кәсіпкер. Форумда Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қамтамасыз ету тетіктері талқыланды. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың атқарылу барысы пысықталды.
Леонид Прокопенко, ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі:
- Елбасы «Рухани жаңғыру» және «5 әлеуметтік бастама» бағдарламаларының орындалуын қадағалауды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясына тапсырды. Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті бюджеттің тиімді игерілуін де бақылауға алды. Өйткені, биыл алғаш рет ауылдық округ әкімдері өз бюджеттерін бөліп алды. Біз форумда осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту тақырыбын көтердік.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.