Елордада азаматтық секторды дамыту тетіктері қарастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада азаматтық секторды дамыту тетіктері қарастырылды

07.12.2018

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өзара жұмыстарын пысықтап, семинар-тренинг өткізді. Азаматтық сектордың жаңа заңнама форматындағы жұмысы пысықталып, болашаққа жоспарланған жобалардың бағыты талқыланды. Жиынға түрлі этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен әр облыстан мамандар қатысты.

Сондай-ақ, семинарда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды. 

Айгүл Сәдуақасова, Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі:

- ҚХА дамып, институционалды жаңа форма пайда болды. Этно-мәдени бірлестіктер қандай деңгейде жұмыс істеді? Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде жұмыс істеп, енді бұл өмір жүзінде бар. Бірақ, заңда қарастырылмаған болатын. Ал, қазіргі таңда сол өмірмен сәйкестенді деп айтуға болады. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу