Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

07.12.2018

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйесі жаңғыртылып, жаңа қарқын алды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Жаһандану жағдайында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты халықаралық жиында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

Мемлекеттік хатшы қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру тапсырмасы аясында жемқорлықпен күрес күшейетінін айтты. Форумда бұл мәселемен күресудің халықаралық тәжірибесі талқыланды. Оған елдегі дипломатиялық корпус өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және шетелден келген сарапшылар қатысты. Олар Қазақстандағы құқықтық база қабылданғанын, енді тек іс жүзінде жүзеге асыру жұмысы қалғанын айтты.  

Екатерина Згуладзе, Грузияның экс-ішкі істер министрі, халықаралық сарапшы:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екі әдісі бар. Қолданыстағы әдеттегі шаралар және ерекше күрес тәсілдері. Бұл ретте Қазақстанда барлық құқықтық база қалыптасқан. Ары қарай «нөлдік төзімділік» қағидасын кеңірек насихаттап, оны іс жүзінде жүзеге асыру ғана қалды.

Дулат АбИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу