Ақмола облысында 20 мыңнан астам адам жұмыссыздар есебінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 20 мыңнан астам адам жұмыссыздар есебінде тұр

07.12.2018

Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірде алғашқы жекеменшік жұмыспен қамту агенттігі ашылды. «Кәсіп КZ» жобасының басты мақсаты аймақтағы кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Қазір аймақта түрлі салада, шамамен, 10 мың жұмысшы қажет. Кәсіпкерлер палатасы жүргізген сараптамаға сәйкес, өңірдегі 250 кәсіпорында 2 мыңға жуық бос жұмыс орны бар. Ал, 20 мыңнан астам ақмолалық жұмыссыздар есебінде тұр.

Агенттік жұмыс берушілер мен мамандар арасында байланысты нығайтуды жолға қоймақ. Жоба үш бағытта жүзеге асады. Өңірішілік, аймақаралық және халықаралық. Жұмысшыларды еліміздің басқа облыстарынан да іздеу қарастырылған. Сондай-ақ, ақмолалықтарға өзге өңірлерде жұмыс тауып беру мүмкіндігі бар. Бұл жобаға жергілікті билік, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және кәсіпорындар қызығушылық танытып отыр. Әріптестік орнату ниеті меморандуммен бекіді. 

Алтай Ерназаров, жұмыспен қамту агенттігінің директоры:

- Біз үлкен сайт құрамыз. База болады. Оған барлық өңірден кез келген адам тіркеле алады. Жұмысты көріп, өзі таңдай алады. Біз көмектесеміз. Тағы да мобильдік қосымша жасаймыз.

Тимур Нахипбеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Біз осы жұмыспен қамту мәселесін қазір шешуді көздеп отырмыз. Жалпы, бұған дейін бізде жұмыспен қамту агенттігі болмаған. Сонымен қатар, біздің Ақмола облысы және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын болады. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу