Тараздағы білім ошақтарында «Мен және менің полицейім» акциясы өтуде. Онда оқушылар тәртіп сақшыларымен бір күнін өткізеді. Әкімшілік полиция комитеті ұйымдастырған шарада балаларға жолда жүру ережелері таныстырылды.
Сондай-ақ, оқушылар Жамбыл станциясы желілік полиция бөлімінің де жұмысын өз көзімен көрді. Теміржол тораптарындағы қарапайым ережелермен танысып, ереже бұзғандарға ауызша ескерту жасауды үйренді. Бұл игі шараның оқушылардың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына және балаларды жол апатынан сақтандыруда маңызы зор .
Гүлдана Мұсаева, Жамбыл станциясы желілік полиция бөлімінің инспекторы:
- Орта мектептің оқушыларымен және Тараз қаласының теміржол колледжінің білімгерлерімен бірлесіп, лекция өткізіп, бейнероликтер көрсеттік, полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен таныстырдық.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.