Калифорниядағы «Вандерберг» айлағынан Илон Маск басқаратын компанияның «Falcon 9» кемесі ғарышқа сәтті жетті. Оның бортында әлемнің 17 елінің 64 спутнигі болған. Бұл - аппараттар саны жағынан ең ірі ғарыштық жоба. Қазақстан Жер орбитасына 100 және 5 келілік екі жерсерікті ұшырған. Бұл аппаратардың біреуін «Ғалам» компаниясы ағылшындық әріптестерімен бірлесіп құрастырса, екіншісі толықтай отандық инженерлердің қолынан шыққан өнім. Жерсеріктер өз нүктесіне ойдағыдай жеткен. Бүгін олардан 4 мәрте сигнал қабылданған. Министрлік «енді екі аптадан кейін оларды толықтай пайдалану мүмкін болады», дейді.
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Жерсеріктер жұмыс істеп тұр. Қазір мамандар баптау жұмысымен айналысуда. Бірінші спутник табиғи апаттарға, ауыл шаруашылығына мониторинг жасауға, судың сапасын анықтауға арналған. Ал, екіншісі ғылыми наноспутник жердің магниттік аумағын өлшейді.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.