Семейдегі Ленин көшесі «Мәңгілік ел» болып ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі Ленин көшесі «Мәңгілік ел» болып ауысты

04.12.2018

Семейдегі Ленин көшесі енді «Мәңгілік ел» деп аталады. Ресми түрде көшенің жаңа атауы жазылған тақта ілініп, қала тұрғындары салтанатты шараға жиналды. Кеңес көсемінің есімін алып тастау туралы пікір неше жылдан бері қоғамда қызу талқыға түсті. Өзгертілмеген атау үшін қала басшылығы да талай сынға іліккен еді. Маңызды жаңалықты қала белсенділері мен зиялы қауым өкілдері қуана қарсы алды. «Мәңгілік ел» - қаладағы ең басты көшелердің бірі. Оның бойында «Достық үйі», өлкетану мұражайы, «Нұр Отан» партиясының ғимараты мен беделді оқу орындары орналасқан. Қалада, сондай ақ, Полковничий аталып келген арал да енді Бейбітшілік аралы деп аталмақ. Осыған дейін Интернациональный көшесіне Қайым Мұхамедхановтың есімі берілген болатын.

Назерке Аққожина, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

- Бұл қаладағы зиялы қауымның өтінішімен ұсынылған атау болатын. Мәңгілік ел біздің ата-бабамыздың көксегені еді. Олардың арманы оындалды деп ойлаймын.  

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу