Себебі, екінші деңгейлі банктер азаматтардың табысымен қоса, несие алған кездерін де қатар тексереді. Сондықтан, осы талаптан өту көбісі үшін қиындық туғызып отыр.
Алматыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша өткен баспасөз мәжілісінде мамандар осыны айтты. Олардың сөзінше, қазір ірі мегаполисте 7 банк арқылы құны 10 500 миллион теңге болатын 826 өтінім мақұлданған. 689 несие рәсімделіп берілген. Ал, республика көлемінде Астана қаласы көш басында тұр. Алдағы уақытта аталған бағдарлама аясында қалып, шаһардың Алатау ауданында құрылыс жұмыстары басталмақ. Айта кетейік, жуырда Сенат депутаттары екінші деңгейлі банктер азаматтардың соңғы бір жылдағы несие тарихын тексеруін сұраған. Алайда, ипотекалық компания өкілдері: «әр банктің талабы әртүрлі. Оған Ұлттық банк араласа алмайды»,- деп жауап қайтарды. Дегенмен, баспана алу үшін азаматтар бір мезетте бірнеше банкке жүгінуге құқылы.
Айбар Олжаев, «Баспана» АҚ Ипотекалық ұйымы сыртқы байланыстар қызметі жетекшісінің орынбасары:
- Банктердің қосыла бергені жақсы. Өйткені, бір банктен өтпей қалсаңыз, келесі банктің тәуекел саясаты басқаша болады да, ол өтіп кетуі мүмкін. Бір рет қана қатысу керек деген жоқ. Барлық банкке бірдей өтінім берсе болады.
Әсем ҚАБЫЛБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.