Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 11 пайызға көп. Ал, Қазақстан бүгінде сырт елден инвестиция тартуда көш басындағы 20 мемлекеттің арасында 19-орында тұр.
Инвесторлардың құқығын қорғау бойынша 10-орында. 2005 жылдан бері Қазақстанға жалпы сомасы 184 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған.
Оның 55 пайызы соңғы төрт жылдың еншісінде. Яғни, бұл «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы жүзеге асқан кезеңмен тұспа-тұс келеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ