Қостанайда «Нұр Отан» партиясының хатшысы бастауыш партия өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Нұр Отан» партиясының хатшысы бастауыш партия өкілдерімен кездесті

30.11.2018

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко Қостанайда болып, қалалық бастауыш партия өкілдерімен кездесті. Басқосуда еліміздегі жетекші саяси ұйымның алдындағы міндеттер мен межелер пысықталды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен Жолдауда қамтылған басым бағыттарды жүзеге асыруды қадағалау жайы талқыланды. Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын көпшілікке түсіндіру бойынша белсенді жұмыс атқару тапсырылды. Бүгінде Қостанай облысында 421 бастауыш партия ұйымы тіркелген. 

Илья Теренченко, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Алға қойған негізгі мақсат – партия құрылымындағы түбегейлі өзгерістермен барлық партия мүшелерін таныстыру. Бұған дейін біз 4 облыста осындай кездесулер өткіздік. Партия қатарына қабылдаудан бастап, кадр мәселесі, жарна төлеу тәрізді жұмыстарға байланысты қатардағы «нұротандықтардың» пікірін білдік. Соның негізінде 4 желтоқсанға дейін тұжырымдама қабылданатын болады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу