Тұрғын үй кезегі ықшамдалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй кезегі ықшамдалып жатыр

29.11.2018

Астана қаласында тамыз айынан бастап 4100-ден астам адам тұрғын үй кезегінен алынып тасталды. Олар комиссия шешімімен кезекте тұру құқығынан айырылған. Ал, кезек бойынша баспана алған 3 адам үйінен шығарылды. Олар ай сайынғы жарнасын төлемеген, не болмаса баспанасын басқа біреуге жалға беріп қойған. Жалпы елордада 45 мыңнан астам адам кезекте тұр. Қазір тізімді қайта тексеріп, сұрыптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жансұлтан Матаев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры:

- Келесі жылға 3 объект, 17 үй. Пәтерлердің саны - 1825. 2019 жылы іске қосылады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу