Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай техникаларының 60 пайызы ескі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда төтенше жағдай техникаларының 60 пайызы ескі

28.11.2018

Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің техникалық жабдықталуы өте төмен екенін облыс басшылығы көктемде Үкімет отырысында да көтерген. Су тасқыны кезінде құтқарушыларға мотопомпа, арнайы көліктер жетіспей қалады. Биыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне республикалық және облыстық бюджет есебінен жол талғамайтын 20-ға жуық арнайы көлік алынды. Дегенмен, бұл өте аз. Құтқарушылар атқарған жұмыс департамент бастығының халықпен есептік кездесуінде айтылды. Жиында атқарылған жұмыс сараланып, азаматтық қорғау саласын одан ары жетілдіру жолдары сөз болды. Жалпы, өңірдегі құтқарушыларда норматив бойынша барлығы 1 мыңнан астам көлік болуы тиіс. Ал, қазір олардың тек 40 пайызы ғана бар.

Нұрлан Мадьяров, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Осы қолымызда бар 40 пайыз техниканың жартысынан көбі ескі. Кейбіреуін пайдаланып жүргенімізге 20 жылдан асып кеткен. Жаңа техника келсе, осы ескі техниканың орнын басады. Жалпы, бұл бір күнде бітетін шаруа емес. Ішкі істер министрлігі 2018-2020 жылдарға жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін арнайы жол картасын әзірлеген.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу