Бағбандардың бабы келіспей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағбандардың бабы келіспей тұр

27.11.2018

Еліміздің оңтүстік өңірлерінің бау-бақша, көкөніс өндіруде әлеуеті зор. Бірақ, шаруалар қолда бар мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай отыр. Себебі, өнімді сақтайтын қоймалар, логистика жеткіліксіз. Бұл туралы Талдықорғанда өткен «Жеміс-көкөніс секторының дамуы» атты жиында айтылды. ЮСАИД ұйымы жүргізген талдау жұмыстарында осы бағытта кездесетін негізгі мәселелер анықталды. Шаруалар көп жағдайда қандай дақылға бет бұрарын білмейді. Себебі, нарық сұранысы тұрақсыз. Ал, кейде бәрі бірден бір дақылды өсіреді. Бұл өнімнің төмендеуіне әкеп соқтырады.  

Айжан Наурызғалиева, Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті:

- Қант өндірісі бойынша салалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, бау-бақшаның салалық бағдарламасы дайындалуда. Біз осы бағытта анықталған мәселелерді Ауыл шаруашылығы министрлігінде көтеретін боламыз. Ары қарай нақты шешім шығады деп ойлаймын.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу