Венгрия қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгрия қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуге ниетті

27.11.2018

Алайда, бұл мемлекет Еуропалық Шенген аймағында орналасқандықтан, мәселе алдағы уақытта егжей-тегжейлі қарастырылмақ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бүгінде Қазақстан - Венгрияның ТМД елдерінің ішіндегі ең басты әріптесі. Ал, Астана-Будапешт тікелей әуе рейсі ашылғалы бері 40 мыңнан астам жолаушы екі ел арасында қатынаған.  

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы:

- ЕуроОдақ Қазақстанмен жаңа келісім бойынша визалық талаптарды жеңілдету бойынша ұсыныстарды енгізген кезде, Венгрия тарапы бізді қолдайтынын мәлімдеді.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу