Астанада толассыз жауған қарды тоқтаусыз тазартса да, қарбалас. Халық автобустарды әдеттегіден ұзағырақ күтетіндерін айтады. Оны коммуналдық қызметтің көшелерді қардан аршып үлгермей жатқанымен байланыстырады. Бірақ, жауапты адамдар өткен айда «құм мен тұз қап-қабымен дайын, ал, техника саны 470-ке жетеді», деп қыстың қамын пысықтаған еді. Солай болса да әзірге күштің бәрі тек үлкен көлік жолдарына бөлініпті. Ал, кей үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының төбесінен мұз сүңгілер төмен қарай төніп тұр. Аңдаусызда жаяу жүргінші жазым болмасын деп ескертіп жатырмыз.
Құрманқажы Жалымбет, қала тұрғыны:
- Көлікпен сыпырып, тазалап жатыр. Бірақ, үлгере алмай жатыр.
Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:
- Екі-үш күннің ішінде қар қатты жауғаннан кейін негізгі көшелерді тазаладық. Енді әрі қарай аулаларды тазарту жұмыстарын жалғастырамыз. Техника бар, адам жеткілікті. Сондықтан, барлық жұмыс регламент бойынша жүргізілетін болады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.