«Барлығы өзімізге байланысты. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ұпайың түгел болуы үшін бәсеке алаңында ширығып, одан әрі өсу керек. Сол себепті көктен ештеңені күтпей, сөзден іске көшсек, дұрыс болар», дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзінше, отандық кәсіпкерлер жұмыстарын одан әрі қарқындатып, тауарларының сапасын тағы бір сатыға көтеру керек.
Қазірдің өзінде еліміздің бірнеше кәсіпорындары Ресей мен Беларусь елдерімен емін-еркін жұмыс жүргізуде.
Яғни, көрсететін қызметіңе және шығаратын тауарыңа сұраныс болса, оны үлкен нарыққа шығаруға ешқандай кедергі жоқ.
Оның үстіне, жыл соңына дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіреміз, деген жоспар тағы бар. «Сол себепті, бәсекеге қабілетті болу, нарық алаңын игеру барлығы өзімізге байланысты», дейді депутат Азат Перуашев.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ - үлкен мүмкіндік. Бірақ, оны тиімді пайдалану өзімізге байланысты. Егер аспаннан бірдеңе түседі ме, деп отыра берсек, түк шықпайды. Біз потенциалымызды нақты табысқа айналдырамыз десек, шаршамай жұмыс істеуге дайын болуымыз керек.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ