Әсіресе, қант, қырыққабат, күріш, тауық еті сынды әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің бағасы өсті. Өйткені, аталған өнімдердің елеулі бөлігі сырттан тасымалданады. Алда мерекелі ай келе жатыр. «Осыған байланысты нарықтағы делдалдарды жою қажет әрі азық-түлік өнімдерін молайту керек», - деді отырыста Үкімет басшысы. Әсіресе, жаңа жыл қарсаңында бағаны ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде Тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарлары сатып алынбаған. Яғни, аймақтарда депозиттерде қаражаттың болуына қарамастан, бағаны реттеу шаралары тиісті дәрежеде орындалмай жатыр.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:
- Тұрақты қорларын қалыптастыру, штабтық жұмыстарын жандандыру Ақтөбе, Атырау, СҚО, Астана, Алматы қалаларында байқалады. Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында соңғы екі айда Тұрақтандыру қорына азық-түлік сатып алынбаған.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.