Алматыда «Этно Fashion – Дала дидары» атты ұлттық киімдер сән кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Этно Fashion – Дала дидары» атты ұлттық киімдер сән кеші өтті

26.11.2018

Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай, «Этно Fashion – Дала дидары» атты сән кеші өтті. «Ерке-Нұр» сән театры ұйымдастырған шара ұлттық киім тарихын зерделеуге арналған. Жиналған көпшілік «Тұмар ханым», «Кербез» қыздарға арналған сән түрлері мен жігіттерге арналған «Сұлтан», «Саламат» атты киім үлгілерін тамашалады. «Ару ана» - келіншектерге арналған тұрмыстық киімдер болса, «Салтанат» топтамасында балалардың киімдері көрсетілді.

Фарида Мирхамитқызы, «Ерке-Нұр» сән үйінің бас директоры:

- Қазір ұлттық киімге деген қызығушылық өте жақсы. Әрбір қазақтың үйінде бір ұлттық киім болуы керек. Күнделікті өмірде киюлері керек. Менің арманым сол. Бүгінгі күннің талабына негізделген біздің әдемі киімдерімізді әрбір қазақтың баласы кисе екен деген арман бар.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу