Дизельді отын бағасы 265 теңгеге жетті. Ай басында жағармайдың бұл түрі 40 теңгеге шарықтаған болатын. Жалпы, өңірде 131 жанармай құю бекеті бар. Дизельді отынның жазғы түрі - 195 теңге, ал қысқы түрі 205-265 теңге аралығында сатылып жатыр. Қазір мұнай базаларында 4 мың тонна дизельді отын бар. Қалада отын тапшылығы жоқ. Құзырлы органдар бағаны тұрақтандыруға қауқарсыз.
Бейімбет Мусин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
- Қымбат дизельді отын Ресейден әкелінуіне орай сату бағасы қымбат. Көтерме бағасы қымбат болғандықтан, бөлшек саудада осындай деңгейдегі бағаға әкеліп отыр. Қазір Энергетика министрлігімен дизельді отынды өзіміздің ішкі нарықта шығару сұрағы қарастырылып жатыр зауыттарда.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.