Алматыда заңсыз сыйақы алғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз сыйақы алғандар ұсталды

23.11.2018

Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығында «кезекті» жеделдету үшін ақша алғандар ұсталды. Бұл азаматтарды қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар арнайы жедел іс-шара барысында құрықтаған. Сыртта жүріп, орталыққа келген азаматтарды кезексіз өткізу үшін 5 мыңнан 15 мыңға дейін ақша алып келген.

Ол қаржыны іштегі мемлекеттік қызметкерлермен сыбайласқан түрде бөлісіп отырған. Қазір бұл мәселеге қатысты Қылмыстық кодекстің 247-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ал, материалдар алдағы үш күннің ішінде сотқа жолданып, қылмыскерлер заң аясында жазаланады.

Салтанат Әзірбек, қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

Қарапайым маман лауазымындағы азамат ақшаны алып отырған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Операция барысында бізге тиесілі мәліметтерге сүйенетін болсақ, олар өз бетінше, мамандар өз бетінше қызмет атқарған. Қандай да бір басшылығына баяндаған да жоқ.

Амангелді СЕЙІТХАН 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу