Жезқазғанда тау-кен саласы мамандарының конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда тау-кен саласы мамандарының конференциясы өтті

23.11.2018

Қазақ даласында сонау Беғазы-Дәндібай мәдениеті заманында мыс қана емес, темір қорыту мәдениеті де ертеден дамыған. Оған дәлел, Қарқаралыдағы көне Алат қорымын зерттеген кезде темірді қорытқан пештер табылған. Яғни, бабаларымыз Еуразия құрлығындағы мемлекеттерден   500 жыл бұрын қолға алған. Жезқазған қаласында кен игеру ісінің 170 жылдығына орай өткен ғылыми-практикалық конференцияда осындай тың мәліметтер айтылды. Жалпы, Жезқазған-Ұлытау аймағында 400-ден астам көне кеніш бар. «Оларды зерттеу қажет», - дейді ғалымдар.

Сағындық Жауымбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор:

- Темірді біздің эрамызға дейінгі XIV ғасырларда игере бастағанбыз. Ал, шын мәнінде темірді сақ дәуірінде немесе  VIII ғасырлардан бастап қорытқан деп жүрміз. Сонда XIV ғасыр мен VIII ғасырдың аралығында 500 жылдай уақыт. Еуразия континентінде темірді 500 жыл бұрын игергенімізді білдіреді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу