Елордада ішкі аудит жұмысының тиімділігін арттыру бойынша семинар-кеңес басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ішкі аудит жұмысының тиімділігін арттыру бойынша семинар-кеңес басталды

23.11.2018

Жиында мамандар аудит саласының даму қарқыны мен болашағы туралы пікір білдірді. Ұйымдастырушылар әуелі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің қорытындысын жасап, алдағы жылға жоспар мен міндеттемелерді талқылады. Сондай-ақ, қаржы саласының үздік қызметкерлері арнайы төсбелгімен және комитет төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Семинар-кеңеске алыс-жақын облыс орталықтары мен қала әкімдігі аппараты мамандары қатысты.

Азамат Ахметов, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы:

- Жалпы, ішкі аудит органдарының бүгінгі күнде көтеріліп жатқан үлкен сұрақтарын талқылап, оны әрі қарай қалай дамыту керектігі айтылды. Болашақта осы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Әр тоқсан сайын, жылдың аяғында осы жұмыстар атқарылады. Негізгі мақсат -  біздің ішкі мемлекеттік аудиторлардың кәсіби деңгейін арттыру.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу