Қызылордада Қорқыт ата туралы жинақ жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Қорқыт ата туралы жинақ жарыққа шықты

22.11.2018

«Қорқыт ата туралы аңыздар мен әңгімелер» атты хрестоматикалық жинақ жарыққа шықпақ.  Онда түркітектес халықтардың ұлы ойшыл туралы шығармалары топтастырылған. Бұл Қызылорда облыстық әкімдігінің «Қорқыт ата: ақиқат пен аңыз» жобасы негізінде жүзеге асырылуда. Қазір жинақ бастырылып жатыр. Желтоқсан айында оқырмандармен қауышады. Онда Қорқыт мұрасы, оның қыр-сыры, зерттелу тарихы, яғни, қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар кеңінен жазылған. Қорқытты қазақ ғалымдары 19 ғасырдан бастап зерттей бастады. Бірақ, әлі жарияланбаған, ашылмаған сыр көп. Ал, жаңа жинақта Қорқыт жырларының типологиясы, текстологиясы жасалған, Қорқыт ілімінің тарихы жазылған, түрлі салыстырулар мен тұжырымдар бар. 

Бағдат Кәрібозұлы, жоба жетекшісі:

- Бұл салыстырмалы түрде зерттеу үшін Қорқыттың туған, дүниеден озған жылдары, өмір сүру уақыты деген сияқты деректер ғылымға да көп көмегін тигізеді. Біз осы жинақтан кейін «Қорқыт ата әлемдік тұлға. Ақиқат пен аңыз» деп аталатын монографияны жарыққа шығармақшымыз.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу