Еліміздің энергокешені қысқа дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің энергокешені қысқа дайын

20.11.2018

Еліміздің энергокешені биылғы қысқа дайын. Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев осылай деді. Холдинг қарамағындағы 26 кәсіпорын өзіне қажетті көмір қорын артығымен жинақтаған.

Демек, энергетиктер кез келген төтенше жағдайға төтеп беруге әзір. Республикадағы электр энергиясының негізгі өндірушісі «Екібастұз ГРЭС-1» серіктестігі. Қазіргі таңда кәсіпорындағы 7 энергоблоктың 5-і жұмыс істеп тұр. Станцияның ағымдағы жүктемесі 2100 мВт. Ал, қуаттылық резерві 940 МВт. 

Серік Түйтебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры:

- 2016 жылдан бері Қазақстан көп мөлшердегі резервтік қуат көзіне ие. Оның мөлшері 3000 мВт-қа тақау. Елімізді толық қамтып қана қоймай, аз мөлшерде көрші мемлекеттерге де сатып отырмыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу