ЕАЭО кәсіпкерліктің дамуына жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО кәсіпкерліктің дамуына жол ашады

09.06.2014
ЕАЭО  кәсіпкерліктің дамуына жол ашады
Ресейлік кәсіпкерлер қазіргі жаһандану заманында Еуразиялық экономикалық одақ оған мүше елдердің экономикасын жаңа сатыға көтеретініне сенімді.
 
Кедендік одақтың жемісін көрген олар Еуразиялық ықпалдастықтың өз кәсіптерінің дамуына ерекше серпін беретініне күмән келтірмейді.
 
Мәселен, ресейлік кәсіпкер Эльдар Нұртазаевтың сүт өнімдерін дайындайтын цехы бар. Қазір оның өнімдері Қазақстанда сұранысқа ие. 
 
Енді ол болашақта Еуразиялық бірлестікке Қырғыз Республикасының  да мүше болуын күтуде. Олай болған жағдайда кәсіпкер Қазақстаннан әріптес тауып, елімізде сүт өнімдерін өндіретін бірлескен кәсіпорын ашқысы келеді.
 
Содан соң еліміз арқылы тауарларын айыр қалпақты бауырларымызға ұсынып, пайдасын еселемекші.
 
Эльдар Нұртазаев, ресейлік кәсіпкер:
Кедендік одақ кәсібіміздің дамуына жағдай жасады. Ал, Еуразиялық бірлестік  одан да зор мүмкіншілік туғызып отыр. Яғни, экономикалық аймақ өрісін кеңейту арқылы тауар айналымымызды арттыруға септігін тигізбекші. Біз секілді шағын бизнес өкілдеріне 170 миллиондық нарықта жалғыз жүріп, жол табу оңай болмайды. Сондықтан, алдағы уақытта Қазақстаннан әріптес тауып, онымен бірлесіп, бәсекелестікке қабілетті, қуатты кәсіпорын ашқым келеді.
 
БатырбекҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу