Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін тапты. Батыс Қазақстан облысындағы Березов ауылын көшірген кәсіпкер өзіне тиесілі ақ адал ақысына қол жеткізді. Кәсіпкердің бір жылдан бері ақшасын ала алмай жүргенін өткен аптада эфирден берген болатынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан төрт жыл бұрын тұрғындары белгісіз заттан уланып, берекесі қашқан елді мекен басқа жерге көшірілді. Алайда, осы жауапты жұмысты атқарған іскер азаматтар жергілікті билікпен соттасып, сандалып қалған еді.
Ерік Жәкібаев, кәсіпкер:
Жұма күні бұлар жіберді. Бүгін ақшамызды алдық. Келіп осы мәселені көтерген «Qazaqstan» телеарнасына, тілшілерге көп-көп рахметімізді айтамыз. Сот шешімінде көрсетілген ақшаны толық алдық. 4 млн теңге.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ