Мұны қазақстандық «Kusto Group» кәсіпорны америкалық «BASS» компаниясымен бірігіп жүзеге асырады. Екі жақты меморандумға бүгін Үкіметте қол қойылды. Инвестициялық жобаға алғашқы жылы 25 млн. АҚШ доллары тартылады. Сапалы жүгері тұқымын өндіретін бірлескен кәсіпорын селекциялық жұмыстар жүргізуге де мүмкіндік береді. Бастама таяу бес жылда еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатында қолға алынып отыр.
Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі:
- Мақсат - салаға шетел инвесторларын, үлкен инновациялық компанияларды тарту. Өткен жылғы Президент сапарының қорытындысы бойынша америкалық компаниялармен жұмыс істеп жатқанымызды білесіздер. Бүгін міне, тұқым өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы алғашқы шартқа қол қойылды.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.